Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер 2016 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 1230
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер 2016 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Мамандардың болжамынша, Атлантикалық жылу қалыптан тыс аязды ығыстырады.

"Қазақстанның көптеген облысында қар жаудыртқан циклон, Алтайға қарай жылжып барады. Оның ту сыртынан, климаттық нормадан 8-15 градус төмен температурасы бар аномалды суық ауа райы байланысты болған, антициклон кеңінен орын алды. Бірақ осы жексенбіде-ақ атлантикалық ауа массасының қысымынан республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы аяз кейін шегініп, республиканың қалған аумағында келесі аптаның басында температураның көтерілуі күтілуде", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, мұның алдында мамандар 2016 жылдың 22-24 желтоқсан күндері қатты аяз болатынын болжаған еді. Сонымен қатар, қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланған болатын. 


 

Соңғы жаңалықтар