Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°C-тан төмен болады деп болжанған.

  • 16 Ақпан 2018
  • 386
Фото - Caravan.kz

Елімізде ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген ауданында күннің аязды, көбінесе жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады", — делінген хабарламада.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°C-тан төмен болады деп болжанған.