Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста ескерту жариялады
![]() |
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста ескерту жариялады. |
"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, 22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
"Орал қаласында 22 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр болады", - деп ескертті мамандар.
Сонымен қатар, бүгін, 22 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтау қаласында 22 сәуір түнде және күндіз тұман түседі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін