Синоптиктер желтоқсан айында салқындаудың үш толқыны болатынын болжауда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер желтоқсан айында салқындаудың үш толқыны болатынын болжауда

Синоптиктер желтоқсан айында салқындаудың үш толқыны болатынын болжауда

Желтоқсан айында үш рет күн суыту толқындары болуы ықтимал деп күтілуде.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 188
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, ұзақ мерзімге жасалған болжам бойынша екінші онкүндіктің басы мен соңында және үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындары болмақ, деп хабарлайды Елорда инфо Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алдын ала болжам бойынша желтоқсан айының бірінші онкүндігінде антициклонның ықпалы болып, еліміздің барлық аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз, ал түнде және таңертегісін тұман түседі.

Ауа-райы температурасы, батыста түнде 2…12 аяз, күндіз 2 аяз…3 жылы; солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10…20 аяз, күндіз 2…10 аяз болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде айдын басында жоғарғы циклон ықпал етіп, жауын шашын жауып, тұман және көктайғақ сақталады. Ауаның температурасы онкүндік бойы түнде 5…15 аяздан 0…5 аязға, күндіз 0…5 аяздан 0…8 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Ұзақ мерзімге болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындары болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында қарқынды салқын күтіледі. Ауа-райы температурасы түнде 25…35 аязға, күндіз 15…20 аязға дейін төмендейді.

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады. Тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 1°С төмен болады.


Жауын шашының айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында мөлшерден көп, ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында және де Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден аз болады.
 

Соңғы жаңалықтар