Сирияда қазақстандық командирдің көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда қазақстандық командирдің көзі жойылды

Сирияда қазақстандық командирдің көзі жойылды

Ирак және Левант Ислам мемлекетінің (ИГИЛ) жеті дала командирін, соның ішінде Қазақстаннан шыққан командирді Сирияда ресейлік әуе-ғарыш

  • 3 Қазан 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

Ирак және Левант Ислам мемлекетінің (ИГИЛ) жеті дала командирін, соның ішінде Қазақстаннан шыққан командирді Сирияда ресейлік әуе-ғарыш күштері жойып жіберді. Қазақстаннан шыққан командир бұл топтың Евфрат алқабында іс-қимыл координаторы болған, деп хабарлайды Today.kz "РЕН" телеарнасына сілтеме жасап.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өлтірілген командирлер – түрлі деңгейдегі басшылар. Мекеме мәліметінше, Сирия Араб Республикасында 304 сарбаздың көзі жойылып, 170-тен аса адам жарақаттанған.

"Көзі жойылған террористердің ішінде Қазақстанның тумасы Әл-Қазақи болды, ол Ресей ҚМ мәліметінше, Евфрат алқабында топтың іс-қимылын үйлестіріп отырған", — деп хабарлайды телеарна.


Сондай-ақ үш топтық бөлім, 9 террористер бөлімі, 8 танк, 3 артиллериялық құрылғы мен 17 жол талғамайтын көлік жойылды.

Ирак және Левант Ислам мемлекеті (ИГИЛ) – Қазақстан Республикасында жұмыс істеуіне тыйым салынған террористік ұйым.

Соңғы жаңалықтар