Оралдық футболшы Сириядағы соғысқа барған. «Ақжайық» клубының бұрынғы капитаны әрі жартылый қорғаушысы Айбек Ғұбайдуллинға халықаралық іздеу жарияланды. Құзырлы орындардың хабарлауынша, қазір ол жат елде содырлардың жағында соғысып жатқан көрінеді. Спортшы 2010 жылы дәмханалардың біріндегі төбелесте ауыр жараланып, өлім аузынан қалған еді. Содан бері футболды қойып, дінге мойын бұрыпты. Қазір 27 жастағы азаматқа қатысты «Лаңкестік топ құру және оны басқару» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.