Бұл туралы бүгін БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллай мәлімдеді.
«Құрбан болғандар туралы бұрынғы және жаңа мәліметтерді ескерсек, қайтыс болғандар саны бір жыл бұрынғы құжатта көрсетілген көрсеткіштен екі есеге артық», — дейді ол.
Н.Пиллайдың айтуынша, сириялық қақтығыс құрбандары жөніндегі БҰҰ жаңа баяндамасында құрбан болғандар туралы мәлімет нақты емес болуы мүмкін.
Сирияда 51 953 адам өлімі мәліметтің жеткіліксіздігінен адам шығыны туралы тізімге енбей қалған.