Сириямен арадағы сауда-саттық деңгейіне Қазақстанның көңілі толмайды - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириямен арадағы сауда-саттық деңгейіне Қазақстанның көңілі толмайды  - Назарбаев

Сириямен арадағы сауда-саттық деңгейіне Қазақстанның көңілі толмайды - Назарбаев

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Сириямен арадағы сауда-саттық деңгейіне Қазақстанның көңілі толмайды, деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сирия премьер-министрі Наджи Эль-Утримен және вице-президент Фарук Шараамен жүргізген келіссөздері барысында.

  • 7 Қараша 2007
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Істі алдымен экономикадан бастау керек. Әзірге өзара сауда-саттық деңгейі өте төмен. Бірақ сауда қатынастарын дамытуға жақсы алғышарттар бар. Бұл шаруамен үкіметаралық комиссия айналысуға тиіс. Мәселе бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде болып отыр», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев сириялық саясаткерлермен келіссөздерде екі жақты қатынастарды дамыту мен өзара қызығушылық тудыратын халықаралық мәселелерді талқылады. Сұхбат барысында, атап айтсақ, ынтымақтастықтың құқықтық базасын қарқынды қалыптастыру, инветицияларды қорғау жөніндегі келісімге қол қою қажеттігі мен қосарланған салықты болдырмау жайы талқыланды.

Әлемдік саясатқа қатысты мәселелер бойынша тараптар өңірдегі ахуал туралы, соның ішінде таяу шығыс шиеленісін бейбіт жолмен реттеу жолдары, Ирандағы ахуал мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жайттар төңірегінде пікір алмасты.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сирия басшылығының халықаралық ынтымақтастық пен экономикалық реформаларға бағытталған бағдарын толық қолдайды деп атап өтті. Өз кезегінде Сирия басшылығы халықаралық істерде аса маңызды өңір атынан қатысатын беделді саясаткер болып табылатын Қазақстан президентінің алғашқы сапарының Сирия үшін аса маңызды екенін атап өтті», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сол күні Қазақстан президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті