Сирияның ақпарат министрі: Башар Асад тақтан таймақ емес - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияның ақпарат министрі: Башар Асад тақтан таймақ емес

Сирияның ақпарат министрі: Башар Асад тақтан таймақ емес

Сирия президенті Башар Асад өз лауазымынан бар тартпақ емес. ВВС-дің хабарлауынша бұл жайында Сирияның ақпарат министрі Омран аз-Зоаби мәлім еткен.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz


«Асад ешқайда кетпейді», — деді ол Швейцарияның Монтре қаласында өтіп жатқан Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі конференция барысында журналистерге.

Оның атап өтуінше, Б.Асадтың президент болу-болмауын Сирия халқы шешуі тиіс. Сонымен қатар министр Дамаскінің 2012 жылдың маусымындағы Женева коммюникесінің кейбір тармақтарымен келіспейтіндігін, дегенмен, барлығын келіссөздер үстелінде талқылау керектігін атап өтті.