"Сіз сондай сі*ісімдісіз": Заң және секс тақырыптарын қозғайтын заңгер кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сіз сондай сі*ісімдісіз": Заң және секс тақырыптарын қозғайтын заңгер кім?

"Сіз сондай сі*ісімдісіз": Заң және секс тақырыптарын қозғайтын заңгер кім?

Бұдан былай көбіне ресми киініп, ресми сөйлейтін заңгерлер туралы ойымыз өзгеретін сыңайлы. Заңгер Қадыржан Молдашәріп желідегі парақшасын ерекше форматта жүргізеді. Ол өзі туралы ақпаратта "Ақылды, байсалды, сі*ісімді" деп жазып қойған.

  • 21 Сәуiр 2023
  • 172
Фото - Caravan.kz

Мұндай батыл контенттердің себебі хайп па? Caravan.kz медиа-порталы тілшісі сұрап көрді.

"Бұл хайпқа жата ма, жатпай ма білмеймін. Ауыр және аса ауыр қылмыстық істермен айналысатын болғаннан кейін жұмыста стресс көп. Сол стрессті әлеуметтік желіде қалжыңдар айтып шығарып тұрамын. Сондай контенттердің бірінде оқырманым "Сіз сондай сі*ісімдісіз" деп жазыпты. Аудиторияммен бөлісіп едім олар да қостай кетті", — дейді ол. 

Аудиториясы да маманның қалжыңын оң көзқараспен қабылдаған сыңайлы. 

""Біз заңгерлерді қатал деп көретінбіз. Сіз шаблонды бұзып жатырсыз. Сіздер де позитивті болады екенсіздер. Заңгерлерге деген көзқарас өзгеріп жатыр" деген пікірлерін айтып жатыр", — деді Қадыржан Қыдырбаев.

Әлеуметтік желіде белсенді заңгердің алдына танымал блогерлер көп келетін сыңайлы. Блогерлердің қандай себептермен жүгінетінін сұрап көрген едік:


"Блогерлер халықтың алдында жүргеннен соң оларға жақсылық ойлайтындар да бар. Жамандық ойлайтындар да бар. Балағат сөздер жазатындар көп. "Жәл*п", "қан*ық", "алаяқ", "қота*бассың" деген сөздер үшін іс қозғаған кездеріміз болды. Блогерлер мен блогерлердің арасында болған шайқастарға қатысқанмын", — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар