Жарияланды: 580

СИЗО-50-ден қашып кеткен қылмыскер Еділ Әбдірахманов ұсталды

СИЗО-50-ден қашып кеткен қылмыскер Еділ Әбдірахманов ұсталды

СИЗО №50-ден қашып кеткен Еділ Әбдірахманов ұсталды. Бұл туралы бейсенбі күні ІІМ баспасөз қызметі мәәлім етті, деп  хабарлады КирТАГ.

«Шу ауданы және Бішкек  ҚІІБ қызметкерлері Шу облысы Аламудун ауданы аумағынан Ала-Тоо ауылының маңындағы егістіктен Е. Әбдірахмановты ұстады. Енді қашып кеткен тоғыз қылмыскердің біреуі ғана еркіндікте жүр. Оны іздестіру жалғасуда», - деп хабарлады ІІМ.

Еске сала кетсек,  12 қазанға қараған түні тоғыз   жазасын өтеуші Шу облысы СИЗО-50 колониясынан қашып кеткен. Олар қашар алдында үш қызметкерді буындырып өлтіріп, біреуіне ауыр дене жарақатын салған (кейіннен ол да көз жұмды).

Қашқындардың бесеуі сол күні ұсталды, олардың үшеуі «ауыр дерттен» мезгілсіз қайтыс болды .

Төртеуі бой тасалап үлгерді. Олардың екеуі ұстаған уақытта өлтірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін