«Скучно болып кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы соңғы жылдары жастар не себепті жиі ажырасатынын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Скучно болып кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы соңғы жылдары жастар не себепті жиі ажырасатынын ашып айтты

«Скучно болып кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы соңғы жылдары жастар не себепті жиі ажырасатынын ашып айтты

Танымал тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы соңғы жылдары жастар не себепті жиі ажырасатынына шүйлікті. Зерттеу нәтижелерін ұсынған ол, кей өңірлерде ажырасу көрсеткіші шарықтап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz.

  • 16 Ақпан 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Тележүргізуші өз ойын желідегі парақшасында жариялады.

«Неге ажырасу оп-оңай болып кетті? Бүгінгі ақпараттан.
2013 жылы ең көп неке тіркеліпті (168 447 жұп)
10 жыл ішінде бұл рекорд әлі бұзылмаған. Керісінше, үйленгендерге қарағанда ажырасқандар көп.
Оған себеп көп. Мәселен:
— Материалдық жағдай;
— Келін-ене мәселесі;
— Отбасыдағы буллинг;
— Қызғаныш;
— Нәпсіқұмарлық;
— Бәрін “өзім білемінге” салып, соған бағытталған “тәрбие” туралы курстар мен тренинг-терапиялардың нәтижесі … жазсаң жалғаса береді.
Соңғы 10 жылда айрылысқандардың саны бойынша үш өңір көш бастап тұр екен. Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы. Неге? Жақында жаңа ажырасқан жігіттен неге, не себеп болды десем, ол “просто, скучно болып кетті”,-дейді.
Сіздің ойыңызша, мен айтпаған, бірақ шаңырақтың шайқалуына кері әсер ететін тағы қандай факторлар бар?
Айтпақшы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда өңірінде ажырасу басқа жаққа қарағанда азырақ», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары тележүргізушімен толығымен келісетінін жеткізді.


Олар: «Рас айтасыз, білмейміз не жетпейтінін қазіргі жастарға?», «Қорқынышты статистика, өзімізден бастау керек бәрін», «Бұрын ата-аналарымыз бәріне шыдаушы еді, қазір ол жоқ», «Қызық, бәрі бар жастарда, бірақ бақыт жоқ» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар