Жарияланды: 20

Словакия президентінің үйіне бомба қойылған

Словакия президентінің үйіне бомба қойылған

 

Психиатриялық емхананың пациенті Словакия президенті Зузана Чапутованың үйіне жарылғыш зат қойған, деп хабарлады РИА Новости.

8 қыркүйек күні Словакия полицейлеріне ел президенті Зузана Чапутованың Братислава маңындағы үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары тиісті шараларды қолға алып, арнайы мамандар ғимаратты тінтуге кірісті. Алайда, хабарлама жалған болып шықты.

Кейіннен бомба қойылғаны туралы хабарлаған әйел ұсталды. Ол психиатриялық емхананың пациенті екені анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін Киев пен Одессада жаппай «бомба» қою жағдайлары көбейіп кетті. Ал Днепрде жергілікті 4 бірдей БАҚ-тың редакциясына жарылғыш зат қойылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін