«Smart zholy» бағдарламасы бойынша үздік стартап-жобаларының жеңімпаздары анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Smart zholy» бағдарламасы бойынша үздік стартап-жобаларының  жеңімпаздары анықталады

«Smart zholy» бағдарламасы бойынша үздік стартап-жобаларының жеңімпаздары анықталады

2019 жылғы 28 наурыз күні сағ.: 15.00-де Назарбаев орталығында (Нұр-Сұлтан қ., Бөкейхан к., 1) «Smart Zholy» акселерациялық бағдарламасы бойынша үздік инновациялық стартап-жобаларды салтанатты марапаттау шарасы өткізіледі.

  • 27 Наурыз 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Еуразиялық топ» ЖШС-мен бірлесе іске асырылады. Шараға жас ғалымдар, белгілі саяси және қоғам өкілдері және т.б қатысады.

Smart Zholy – жас қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлерге арналған бағдарлама.Бұл жоба арқылы жас IT-мамандар өз стартаптарын жетекші азиялық венчурлық қорларға ұсына алады, сондай-ақ халықаралық компаниялармен бірлесе жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер құрастыра алды.

Сағат 10:00-12:00 аралығында Назарбаев ортылығының кинозалында ақтық сынға шыққан 20 команда өз жобаларымен таныстырады.


Нәтижесінде әділқазылар алқасы 10жеңімпаз команданы анықтайды. Олар 2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Сингапурдағы Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында азиялық венчурлық қорлар мен корпорацияларға өз жобаларын ұсынады.

.

Соңғы жаңалықтар