Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Ертең елімізде «Ғылым апталығы» басталады. Осыған орай жас та болса, ғылым жолын қолға алған өнертапқыш оқушыларға шолу жасап көрген болатынбыз.

  • 10 Сәуiр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақылды Smart-білезік

Түркістандық оқушы Зияда Аблугаппарова «Smart Safety Life» деп аталатын білезік жасаған. 

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Адамның маңайындағы температура көтерілсе, құтқарушыларға немесе ата-анасына, құтқарушыларға көмек қажеттігі туралы хабар жіберіледі. Сіздің кішкентай балаңыз немесе үйде қарт адам болса, білезікті тағып кетесіз. Ол әрдайым дене температурасын, үйдегі түтінді, газды, JPS арқылы адамның қайда тұрғанын көрсетеді. Құлап қалған жағдайда да сигнал келеді, — дейді Зияда.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Айтуынша, алдымен білезіктің теориялық жағын жасауды қолға алған.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Осындай білезіктер бар ма, соны зерттедік. Жобаны жүзеге асырсам, адамдарға қандай пайдасы тиеді деп ойладым. Авторлық құқығым бар. Болашақта жобамды әрі қарай жалғастырғым келеді. Қазір демеуші іздеп жатырмын. Серіктестерімнің арқасында шетелге микрочиптер мен осы білезіктің ең соңғы үлгісін жасағым келеді. Арнайы платформада жазылған бағдарламамен білезік жұмыс істеп тұр, — деді ол.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Зияда өз жобасына авторлық құқық алып та үлгерген. Арманы — болашақта жобаны әрі қарай жетілдіріп, көлемін кішірейтіп, заманауи үлгіге сай етіп Smart-білезік шығару.

Құтқарушы-робот

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жәния Жұматай құтқарушы-роботты ойлап шығарыпты. Робот жер сілкінісі кезінде адамдарды құтқарады.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Мен ойлап тапқан робот – жер сілкінісінде адамдарды құтқаратын көмекші. Бұл роботты жасауға бір жылдай уақыт кетті. Идея – зілзалада адамдардың көп қаза табуын азайтудан пайда болды. Жер сілкінісінен кейін қолданылатын роботта камера мен басқарушы пульт бар. Камера жарақат алған адам мен сарапшыларды байланыстырады. Тепловизор, газ сенсорын, жер сілкінісі кезіндегі жағдайды көрсетіп тұрады. Камераның бірі – адамды көрсетеді. Екіншісі – сарапшыларда болады, — дейді Жәния.

Айта кетерлігі, жас ғалым бұл жобасын былтыр Германия еліне барып та қорғаған екен.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Құтқарушының қызметін атқаратын роботтың үстінде су, медициналық жабдықтар салуға болатын арнайы бөлімі де жасалған.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Топырақсыз өсетін құлпынай

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті Райымжан Мәрсеков атындағы тірек мектебінің оқушылары тағамдық жасыл желекті өсімдіктерді топырақсыз қыста өсіруді тәжірибеден өткізген.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Күнделікті тағамға қосатын пияз, салат жапырақтары, егістік қышатүс (руколла), құлпынайды өсіріп көрген. Нәтижесін көріп, жемісін де жеген.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Мектебімізге кішкентай гидропоника құрылғысы келді. Құрылғының ұяшықтарының ішіне мақта төсеніштерін енгіздік. Ең алдымен тұқымды өндіріп алдық. Сол кезде оның алғашқы тамыры, сабағы шықты. Өнген соң керамзитке орналастырып, әрі қарай үлкен гидропоникамызды өсірдік, — деп түсіндірді жоба авторлары.

Қазақи анатомиялық төсек

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Ұлттық құндылық пен медицинаны үйлестірген жастың бірі – Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Диас Қабылбеков. Ол қазақтың ұлттық жиһазы – қайқы бас төсекті қолданудың медициналық тұрғыдағы адам физиологиясының дұрыс қалыптасуына тигізетін оң әсерін зерттеген.

Smart-білезік, қазақи анатомиялық төсек, құтқарушы-робот: Өнертапқыш оқушылар

Төсекті зерттей келе, адам денсаулығына тигізетін пайдасының мол екенін көрдім. Адамның омыртқасына, мойнына, сүйектерінің ауруына, аяқтың варикозды тамырларының ісінуі, жүктілік кезінде аяқтың ісінуін емдеуге көмектеседі. Төсектің аяқ жағы үш қалыпқа өзгереді. Ежелде ата-бабаларымыз қолданған жиһазға заманауи механизмдерді қосу арқылы оны жаппай қолданысқа жібергіміз келеді. Соның нәтижесінде ыңғайлы, бастысы қазақи жиһаздарды қоғамға насихаттаймыз. Бір жағынан денсаулыққа пайдалы заманауи технологияны көрсетеміз. Екінші жағынан рухани жаңғыруға үлесімді қосқым келді, — деп ағынан жарылды Диас.

Жас ғалымдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында өткен «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ғылыми жоба байқауында көзге түсті.

Соңғы жаңалықтар