Собчак каналына оқырман мен қаралым жинау үшін келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Собчак каналына оқырман мен қаралым жинау үшін келді

Собчак каналына оқырман мен қаралым жинау үшін келді

Собчак не үшін келді?

  • 22 Сәуiр
  • 43
Фото: ашық дереккөз

Бәрі қарапайым. Бұл туралы журналист Ернар Сеитахмет жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Каналына оқырман мен қаралым жинау үшін. Қазір ресейде youtube-контент жасай алатын дұрыс тақырып қалмады. Барлығына тыйым салынған. Бір қателік кетсе, біттің, иногент деп қыра салады. Контент болмаса, қаралым да түсіп жатыр деген сөз ғой.

Бірақ, Қазақстанда орыстілді аудитория бар, контентке сұраныс бар. Оған біздің халықтың «жұрт не деді», «әлем бізді таныды» деген түсініктерін қосыңдар. Демек, Қазақстанда тақырып та, аудитория да бар, қаралым жинауға болады. Бұлай деп Собчақтың өзі айтқан еді.

«Ксенияң біреудің шақыртуымен келді деп ойламаймын. Қол астындағы мамандары осы тақырыптың тренд болғанын көріп, ютуб-аудиториясына контент алып кету үшін келді. Қиындатудың қажеті жоқ секілді», — деп пікір қалдырды журналист.

Егер миллиондаған аудиториясы бар адам болсам, мен солай жасайтын ем. Ксения да солай жасады деп ойлаймын.

Бірақ, бұл сұрақтың жауабын тек контент шыққан соң толық білеміз, әрине.

Соңғы жаңалықтар