Сочиде Олимпиадаға қатысушылардың шеруінде ғарыштан бүкіл елдердің түрі қалай көрінеді, сол бейнеленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочиде Олимпиадаға қатысушылардың шеруінде ғарыштан бүкіл елдердің түрі қалай көрінеді, сол бейнеленбек

Сочиде Олимпиадаға қатысушылардың шеруінде ғарыштан бүкіл елдердің түрі қалай көрінеді, сол бейнеленбек

Сочиде қысқы Олимпиада ойындары-2014 ашылуы рәсімі сценарийінің бас продюсері және авторы Константин Эрнсттің айтуынша, шоуды ұйымдастырушылар турнирге қатысушылардың шеруін көрермендер үшін анағұрлым қызықты етіп көрсетуге тырысқан.

  • 7 Ақпан 2014
  • 434
Фото - Caravan.kz

"Қанша дегенмен, 2014 жыл ғой, көптеген инновациялар енгізуге талпындық. Рәсімде әсіресе атлеттер жүріп өтетін кезеңнің ішті пыстырып жіберетіндігі жасырын емес. Әр ел өзінің спортшыларын және кіммен бәсекеге түседі, сол елдің спортшыларын көруге ынтазар, басқасы оларға қызық емес. Сол жағын ойластырдық", деді К.Эрнст Сочиде жұмада баспасөз мәслихатында.

Ол атап өткендей, шеру кезінде еденде ғарыштан Жердің көрінісі бейнеленбек.

"Біз арнайы еден жасаттық, онда ғарыштан көрінетіндей Жердің түнгі келбеті бейнеленбек. Ол орыс әліпбиінің тәртібіне орай айналып отырады, яғни кезекте қай ел тұрса, соған қарай бұрылады. Әлемнің азаматтарына отандары түнде ғарыштан қалай көрінеді, соны тамашалауға мүмкіндік бермекпіз. Ондайды көргендер аз", деді К.Эрнст.


XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі жұмада мәскеулік сағат 20:14-де басталады.