Содырлардың Астанада жарылыс жасамақ болғаны туралы мәлімет жұрттың жағасын ұстатты
Лаңкестер Астанада жоқын жарылыс жасамақ болған. Содырлардың сойқанын күш құрылымдары алдын ала әшкерелеп, дер кезінде қимылдапты. 4 ай бұрын болған оқиғаны бүгін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты. Негізі мұндай мәлімет жұртты дүрліктірмеу үшін о баста жария етілмеген екен. Бұл жолы да әкім жай-жапсарды ашып айтқан жоқ. |
Ал, сырттан келген содырлар осылай жарылыс жасамақ болғанда, отандастарымыз Сириядағы соғысқа әлі аттанып жатыр. Бірінші кезекте бұған үгіт-насихаттың күштілігі себеп. Тек осы жылдың өзінде елімізде жиһадқа шақыратын сайттардың саны алты есеге артып, 2 мыңға жетіпті. Whatsapp, twitter, facebook секілді әлеуметтік желілермен де түрлі хабарламалар таратып, жастарды жаппай жиһадқа аттануға үгіттеп жатқандар жетерлік. Лаңкестікке қарсы күрес қызметкерлеріне мұндай сайттарға тосқауыл қою қиынға соғып тұр. Өйткені, интернетті бастан аяқ бақылау мүмкін емес.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін