Соғысты аяқтау керек": Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғысты аяқтау керек": Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Соғысты аяқтау керек": Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды.

  • 9 Наурыз 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", — деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.


Соңғы жаңалықтар