Сол кезден хиджап киген болса, ақындар қара оранған апатай деп ән шығарар ма еді - Айгүл Елшібаева - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сол кезден хиджап киген болса, ақындар қара оранған апатай деп ән шығарар ма еді - Айгүл Елшібаева

Сол кезден хиджап киген болса, ақындар қара оранған апатай деп ән шығарар ма еді - Айгүл Елшібаева

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиждапқа қарсы пікірін білдірді. 

  • 20 Шiлде 2022
  • 1395
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Айгүл ханым қазақ кәмелетке толмаған қызға орамал тақпаған, тұлымшағы желбіреп өскен дейді. 

"Осы, уақап-салафит қыз-қатындар, бүлдіршін-қыз-келіншек-қатын-әйел-кемпірге хиджап-, деп орамалды қылғындырып тағады.

Құранда Нұр сүресінің 31-аятымен ескертіп отырып,
желектері омырауларын жапсын-, деген сөзді
қыстырмай, омырауларын жаппай, жалаңдатып
тақуамыз -, деуі мұсылманшылығына күмән
келтіреді.

Желкілдек (Халық әні)
Жылқының мінсіз қара төбеліндей
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей,
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей,
Ақ бетің жарқырайды жұмырқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай,
Боз үйден сен шығасың керіліп,
Аяқты бір басуға ерініп,
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен қанатыңның сөгіліп.

Құранмен жүрсең қүранға сәйкес бол, қазақ
балиғатқа жетпеген қызға желек салмаған,
тұлымшағы желбіреп өскен, қазақы тәрбие көрген
жас қызға „Желкілдек, -,деп шығарған халық ән де
бар.
Ойбай-ау, мына өлеңдегі, сұлулықты, қыз күнінен
қатын болуға асыққандай, тақуамыз деп
никап-хиджап, кигеннен, жамылғандардан қайдан
көрер едік? Қор болған қазақ қызының сұлулығы-ай.

Сол кезден хиджап-никап киген болса ақындар, қара оранған апатай,-, деп ән шығар ма еді?

Қазақтың қыздары ұлттық киімінде қандай сұлу.

Қыз күнінен қатынның киімін аңсап, қыз-қатынның

киімін айыра алмағаннан дүмше-тақуасымақтан

құдай сақтасын!", деп жазды әлеуметтік желіде.  

"Айгүл сіздің парақшаңызды оқып отырамын. Керемет айтасыз .Қазақтың қыздары, жігіттеріне жаным ашиды. Қысқа шалбар, араптар сияқты тұмшалап тағатын әйелдерге. Кішкентай оқушы қыздарын 

"Қандай керемет көз суйсінер. Оранғандар орамал үстінен орамал жауып, келістіре алмай жур ғой. Біреуі жүр үстінен кепка киіп. Не боларын өздері де білмейді", деп жазды оқырмандар. 

 

Соңғы жаңалықтар