"Сол ниетіңнен бас тартпа": Дәурен Айдарқұлов алғаш рет Ақботаның хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сол ниетіңнен бас тартпа": Дәурен Айдарқұлов алғаш рет Ақботаның хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді

"Сол ниетіңнен бас тартпа": Дәурен Айдарқұлов алғаш рет Ақботаның хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелі Ақбота-Нұрдың хиджаб кигеніне және образындағы кейінгі өзгерістерге орай алғаш рет пікір білдірді.

  • 20 Желтоқсан 2020
  • 350
Фото - Caravan.kz

Әзілкеш актер бұрынғы жарының мұндай қадамға бармас бұрін өзімен ақылдасқанын жеткізді. Бұл туралы ол НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты ,деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 "Ақботамен ол мәселені біз талқыладық, сөйлестік. Ақботаға айттым, ең бастысы, сен "намазға жығыламын деп ниеттеніпсің,жалпы  сол ниетіңнен бас тартпа" дедім. Ары қарай жүректегі иман күшейе берген сайын, хиджабты шешпеу керек екенін өзің де түсінерсің деп айттым" , — деді Дәурен Айдарқұлов. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет басына орамал тағып, хиджаб киіп елді таң қалдырған еді. Әйтседе ол бір айға жетпестен шашын жайып, қайтадан бұрынғы кейпіне түсті.

 

Соңғы жаңалықтар