Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының Орта Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының Орта Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Қазақстанға келеді

Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының Орта Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Қазақстанға келеді

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының Орта Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Роберт Симмонс Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 451
Фото - Caravan.kz

Ол сапардың үстіміздегі жылдың 10 — 11 сәуіріне жоспарланғанын хабарлады.

«Сапар мақсаты Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен серіктестік іс-әрекетінің жеке жоспарының негізгі бағыттарын Қазақстан жағымен талқылау болып табылады», — деп түсіндірді Е. Ашықбаев.

Сапар барысында Р. Симмонс Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарында кездесулер өткізіп, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессорлар-оқытушылар құрамының алдында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, НАТО-ның депозитарлық кітапханасының ашылуы болатын Ұлттық академиялық кітапхананы тамашалайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті