Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды

АҚШ Солтүстік Корея тағы да зымыранды сынақтан өткізді деп күдіктеніп отыр.

  • 1 Тамыз 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz


Бірақ америкалықтар бұл жолы Пхеньян сынақты құрлықта емес, сүңгуір қайықтан атқанын айтады. АҚШ әскерилерінің пікірінше Солтүстік Корея зымыранды 30 шілдеде «Синпо» кеме жөндеу орнында ұшырған. Бұл Пхеньянның биыл сүңгуір қайық арқылы осымен үшінші рет сынақ өткізуі. Сондықтан сарапшылар Солтүстік Корея жаңадан зымыран тасығыш сүңгуір қайық жасап жатыр деп пайымдайды. Айта кету керек, Пхеньян өткен аптада да елдің солтүстігіндегі полигоннан баллистикалық зымыран ұшырған еді. Ол мың шақырымдай ұшып барып, Жапонияның арнайы экономикалық аймағына құлаған.