Солтүстік Корея шекарадағы артиллериялық қару санын арттырды
![]() |
Солтүстік Кореяның әскери қолбасшылығы елдің оңтүстік шекарасында артиллериялық қару санын екі есеге арттырған. |
Ал 77 сүңгуір қайықтың 50-і Жапон теңізі мен Сары теңіздегі базаларда жоқ болып шықты.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазір олардың нақты орны белгісіз күйінде қалып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ақпарат көздері хабарлайды.
Естеріңізде сала кетсек, Сеул мен Пхеньянның қарым-қатынасы 20 тамыздан кейін ушығып кеткен болатын. Сол тұста екі мемлекет бір-бірін артиллериялық қарумен атқылады. Бүгін енді Корей түбегіндегі дағдарысты реттеу үшін келіссөздер қайта басталды. Басқосуға бауырлас мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғаралары қатысуда. Келіссөздің нәтижесін тек халықаралық ұйымдар ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар да тосып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін