Жарияланды: 410

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық аурухананың бас дәрігері 12 жасар ұлды зорлады

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Соколовки ауылдық ауруханасының 40 жастағы бас дәрігері осындағы жетімдерге арналған мектеп-интернатта тәрбиеленуші 12 жасар ұлды зорлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бұл оқиға сырқаттанған бала ауруханаға көмекке жүгіне келген кезде болған. Бұл туралы мектеп-интернаттың директоры полицияға хабарлады. Қазіргі жағдаймен зорлықшыл тұтқынға алынды. Ол өзінің адамдықтан тысқары әрекетін мойнына алған. Осыған сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Зорланған бала мектеп-интернатта дәрігерлердің бақылауына алынды. Жыныстық сипаттағы мұндай ауыр қылмыстың облыс аумағында бұған дейін болғандығы туралы деректі жергілікті көпті көрген көнекөз полиция қызметкерлерінің өзі еске түсіре алмай отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін