Жарияланды: 420

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жарты жылдықта экспортқа шығарылған астық көлемі 16,7 процентке өсті

Биылғы жылдың бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысынан 829 тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегіден 16,7 процент артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық статистикалық басқармадан хабарлады.

Алыс шетелдердің астық сатып алу көрсеткшіші 1,6 есе өсті. Ауғанстан, Бельгия, Иордания, Сауд Арабиясы, Тунис, Монғолия, Иран, Франция тәрізді бұрыннан бергі дәстүрлі әріптестер қатарына биыл алғаш рет Алжир, Индонезия және Ұлыбритания мемлекеттері қосылды. Облыстық статистикалық басқармадан хабарлауынша, бір тонна астықтың орташа құны астықтың сапасына қарай емес, нарықтағы баға коньюнктурасына байланысты. Негізгі сатып алушы болып табылатын Ресей өз астығымен қамтасыз етілгендіктен бұл бағаға әсер етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть