Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жарты жылдықта зейнетақы жинақтаушы қорлардың түсімі 40 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жарты жылдықта зейнетақы жинақтаушы қорлардың түсімі 40 процентке артты

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жарты жылдықта зейнетақы жинақтаушы қорлардың түсімі 40 процентке артты

2003-жылдың бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысында зейнетақы жинақтаушы қорлардың түсімі 40 процентке артып, 1,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне СҚО салық комитетінің бөлім бастығы Галина Горне хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 400
Фото - Caravan.kz

Салық комитетінде атап көрсеткеніндей, осы мерзімде борышты кәсіпорындарға салық органы тарапынан инкассалық талаптар қою нәтижесінде Зейнетақы жинақтаушы қорларға берешек азайды. Айталық, 2003-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен, Зейнетақы жинақтаушы қорларға берешек 1707,5 млн. теңге болса, 1-тамызда бұл көрсеткіш 1327,4 млн. теңгеге дейін азайды.

Г.Горненің айтуынша, жыл басынан бері салық мекемелері 3215 инкассалық бұйрық түсіру арқасында 645,9 млн. теңге өндіріп алды. Банк шоттары бойынша 1214,4 млн. теңгенің борышына қатысты 1004 шығыс операциялары тоқтатылды.
Алайда, салық комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы төрт жыл бойына Зейнетақы жинақтаушы қорларға негізгі борышқорлар қатарында Петропавлдағы ірі кәсіпорындар, атап айтсақ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ААҚ (берешек 45 млн. теңге), «ЗИКСТО» ААҚ (33 млн. теңге), «Киров атындағы зауыт» ААҚ (16 млн. теңге), Оңтүстік Орал темір жол бөлімшесі (26 млн. теңге) қалып отыр. Ал ауылдағы борышты кәсіпорындардың саны ондап саналады.

Соңғы жаңалықтар