Жарияланды: 400

Солтүстік Қазақстан облысында екі бала құдыққа құлап кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қызылту ауылында 4 және 5 жасар екі ұл бала құдыққа құлап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 28-наурыз күні болған. Қазір белгілісі, балалар ойнап жүріп құдық суына батып кеткен. Оқыс оқиғаның бұдан басқа егжей-тегжейі беймәлім. Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осындай оқыс оқиғалардың шығуына ата-ананың баласына көз-құлағын салмай, беталды жіберуі басты себеп. Осыған байланысты, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тұрғындарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін