Солтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен жоғары лауазымды шенеунік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Біржан Кенжеғозин аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісіне ҰҚКД өкілі Сайранбек Мұстафин.

  • 4 Мамыр 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

«ҰҚКД қызметкерлері оны 30 сәуірде Е. Бөкетов атындағы көшеде көлігінің жанында $2,5 мың көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады», -деді С. Мұстафин.

Оның айтуынша, «шенеунік экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара бопсалаған-мыс».

С. Мұстафиннің хабарлауынша, Б. Кенжеғозин қазірде прокурордық рұқсатымен ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті