Солтүстік Қазақстан облысында қатқақ салдарынан екі күнде 30 жол апаты тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында қатқақ салдарынан екі күнде 30 жол апаты тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында қатқақ салдарынан екі күнде 30 жол апаты тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында қатқақ салдарынан екі күнде 30 жол апаты тіркелді. Бұл туралы жолдардың ахуалы мен оларды жөндеу жұмыстарына орай облыстық әкімшілікте өткен кеңесте Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы Көбеген Шынтеміров құлағдар етті.

  • 1 Қараша 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде 24 апат облыс орталығында болған. Апаттардың салдарынан 2 адам мерт болып, сегізі жараланды.

К.Шынтеміровтың айтуынша, апаттардың шығуына қатқақ пен қалалық жол қызметтерінің қыс маусымындағы жұмысқа дайын болмауы әсер еткен.
Облыс әкімі Тайыр Мансұров жол қызметтері мен осы істі өз міндетіне алған Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Павел Глованың іс-қызметіне көңілі толмайтынын білдірді.