Солтүстік Қазақстан облысында құтырма ауруына шалдығып сиыр өлу дерегі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында  құтырма ауруына шалдығып сиыр өлу дерегі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында құтырма ауруына шалдығып сиыр өлу дерегі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Новороссийка ауылында құтырма ауруына шалдығып сиыр өлу дерегі тіркелді. Ақырғы диагноз қойылған жоқ, алайда елді мекенде дәл осы індеттің алдын алуға бағытталған шаралар қолданылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік бас мал дәрігерлік инспекторы Нұрмаш Бейсекенов хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 828
Фото - Caravan.kz

Ауырған малдың қожайыны құтыру індетінің бір белгісі болып табылатын малдың сілекейі шұбыру көрінісіне назар аударған. Алайда өлген малдың миына облыстық мал дәрігерлік зертханада жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша әзірге ауру белгісі табылған жоқ. Н.Бейсекеновтың айтуынша, болған оқиғаның ақырғы себептері бір айдан кейін нақты анықталады, сол себепті ауылда жаман айтпақ жақсы жоқ деп қажетті барлық профилактикалық шаралар қолданылды. 343 ірі қара мал, 85 жылқы, 206 ит пен мысыққа құтырма дертіне қарсы екпе егілді. Сондай-ақ, өлген малмен қарым-қатынаста болған, ауру жұқтыруы мүмкін 9 адам алдын-ала емдеуден өтті.

Ауылдағы ахуалды санитарлық қызмет қадағалауға алды. Мемлекеттік тазалық індет бақылауы қызметінің аса жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Александр Мельниченконың хабарлауынша, ауылда басқа да малдар мен адамдардың ауру жұқтыру дерегін анықтау үшін қора-жайларды жаппай аралау, кезбе және тағы хайуанаттарды ұстап ату, малдарды иммунизациялау тәрізді шаралар кешені жүзеге асырылды.
Елді мекендерді төңіректей өмір сүретін тағы хайуанаттардан жұғатын құтырма дертіне үй малдарының шалдығу көрінісі Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар