Солтүстік Қазақстан облысында радиоактивті металл тиеліп, Қазақстаннан Германияға бет алған автокөлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында радиоактивті металл тиеліп, Қазақстаннан Германияға бет алған автокөлік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында радиоактивті металл тиеліп, Қазақстаннан Германияға бет алған автокөлік ұсталды

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында радиоактивті металл тиеліп, Қазақстаннан Германияға бет алған автокөлік ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 -сәуір күні 00 сағат 44 минутта Солтүстік Қазақстан облысының «Жаңажол» кеден бекетінде тіркемелі «ДАФ» автокөлігі (болат қара металл қалдықтары тиелген, Қарағандыдан Дуйсбургқа (Германия) бет алған) ұсталды. Радиациялық бақылау нәтижесі көрсеткендей, гамма фон деңгейі сағатына 1500 мкр құраған, бұл шектеулі нормалан 47 есе артық.

Тіркемелі автокөлік темір жол торабының арнаулы алаңында ІІД күштерінің қорғауында тұр. 27 сәуір күнгі 16 сағат 30 минуттағы жағдаймен жүк тиелген «ДАФ» автокөлігі жүк жіберуші «Қарағанды Вторцветмет» ЖШС-іне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті