Жарияланды: 590

Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған 4 табиғат қаскөйінің арасында полиция подполковнигі, әділет саласының запастағы лейтенанты мен ұжымдық шаруашылықтың басшысы бар

11-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсрепов атындағы Чистополь ауылдық округінің Ялты ауылында жергілікті қорықшылар браконьерлік жасады деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғынын - әділет саласының запастағы лейтенанты Петр Галайда, СҚО ІІБ-ның резервіндегі полиция подполковнигі Жомарт Күбітаев, аудандағы шаруа қожалықтардың бірінің басшысы Талғат Ақаев пен ауыл тұрғыны Сергей Лисичколарды ұстады. Бұл туралы KZ-today

тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Владимир Балахонцев хабарлады. Ұсталғандар мініп келе жатқан "ГАЗ-66" автокөлігін тексерген кезде атып өлтірілген үш еліктің өлігі мен үш тік оқпанды және бір кеспе карабин табылып тәркіленді. Ұсталған топта қару ұстауға рұқсат болған жоқ. Сондай-ақ, облыстағы қыстық аң аулау маусымы 1-қарашада басталатындықтан олардың қолында аң аулауға да рұқсат жоқ болып шықты. В.Балахонцевтің айтуынша, бұл - жыл басынан бері тіркеліп отырған елікті заңсыз аулауға қатысты төртінші оқиға. Браконьерлік салдарынан шеккен шығын көлемі 261 мың теңгені құрады. Алайда, ұсталғандар еліктердің өлігін тауып алдық деген уәжді алға тартып, кінәларын мойындамай отыр. Дейтұрғанмен, өз күдіктеріне сенімді орман және аң шаруашылығы басқармасының мамандары іс материалдардын ІІБ-на қылмыстық іс қозғау мақсатымен тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть