Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы сынып оқушылары зейнеткерлерге қарақшылық шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы сынып оқушылары зейнеткерлерге қарақшылық шабуыл жасады

Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы сынып оқушылары зейнеткерлерге қарақшылық шабуыл жасады

21-қазаға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Төменгі Бірлік ауылының 69 жастағы зейнеткер тұрғынына өз үйінде қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 22 Қазан 2003
  • 415
Фото - Caravan.kz

Зардап шегушінің айтуынша, түнде оның үйіне бетперде киіп, тапанша және пышақпен қаруланған бірнеше адам басып кіріп, ақша талап еткен. Белгісіз қылмыскерлер әйелді ұра бастаған кезде ол бар-жоғы 600 теңгесі жейдесінің қалтасы мен терезенің алдында тұрғанын айтады. Шабуылшылар бұдан кейін әйелді жерқоймаға түсіріп, қақпақты жауып, үстінен суы бар аллюминий ыдыспен бастырып тастаған. Соңынан үй ішінен тағы да 10 мың теңге тауып алған тонаушылар іздерін жасырыпты.

Жерқоймадан әзер деп шыққан әйел болған оқиға туралы полицияға хабарлаған.
Күдіктілер таңертең ұсталды. Шабуылшылардың арасында 18 жастағы А есімді жұмыссыз, онымен құрдас К есімді жергілікті ЖШС қызметкері мен 9 және 10-класста оқитын екі оқушы бар екен. Ұсталғандар бастапқыда қылмысқа қатыстылығын мүлдем жоққа шығарғанымен, соңынан істеген істерін мойындап қана қоймай, бұған дейін болған тағы бір қарақшылық шабуылға қатысқандарын жайып салған. Төрттіктің екі мүшесі қатысқан бұл оқиғада 77 жастағы тағы бір қарт зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Алайда бұл үйден қарақшылар небәрі жалғыз бөтелке арақ тауып, соны місе тұтуға мәжбүр болған көрінеді. Зардап шегуші бұл оқиға туралы полицияға хабарлаудан бас тартқан.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағынындай, ұсталғандардан қарақшылық шабуыл кезінде киюге арналған қара тымақ, екі пышақ, екі фонарь, пластамассадан жасалған ойыншық тапанша мен жұмсап үлгермеген 10600 теңге тәркіленді. Жасөспірімдердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 179-бабында көрсетілген қылмыстық нышан бойынша қылмыстық іс қозғалып, оларға қатысты қандай бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігі қаралуда.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 74 қарақшылық шабуыл тіркелді, олардың ашылу көрсеткіші 91 процентті құрайды.

Соңғы жаңалықтар