Жарияланды: 500

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс барысында жоғары табысқа қол жеткізген қазақ тілі пәнінің оқытушылары жоғары жалақы алатын болды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров арнайы шешім қабылдап, аудан әкімдеріне "кәсіби байқауларда жеңімпаз атанған, жұмыс барысында шығармашылық елеулі табыстарға қол жеткізген" қазақ тілі пәнінен дәріс беретін оқытушылардың лауазымдық жалақысына 50 проценттік үстеме қосуды міндеттеді. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің төрағасы өзінің аймақ халқына арнаған мәлімдемесіне атап көрсетті.

Әкімнің пікірінше, мемлекеттік тілді дамыту мен оның нақты жұмыс істей бастауы айрықша маңызды мақсаттардың бірі болмақ. Алайда, кәсіби мамандардың тапшылығы басты қолбайлау себепке айналып отыр. Т.Мансұров жариялаған мәліметке сәйкес, облыстағы барлық 1390 оқытушының 832-сі ғана арнайы педагогикалық мамандық игерген. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл ретте кәсіби мамандарды ынталандыру тетіктерін табу - жергілікті билік өкілдерінің міндеті деп санайды. Әкім осындай мақсатқа аудан қаржысы жетіспеген жағдайда облыстық бюджеттің "көмекке келетінін" атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін