Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген "Мигрант" операциясы барысында 471 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген "Мигрант" операциясы барысында 471 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген "Мигрант" операциясы барысында 471 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29-31-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жедел алдын алу мақсатындағы "Мигрант" операциясы жүзеге асырылды. Шараны өткізудегі мақсат - облыс аумағына заңсыз келіп тұрып жатқан адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон жолдарын жабу, іздеуде жүрген шетелдіктерді анықтап ұстау болмақ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 360
Фото - Caravan.kz

Шара барысында базарлар, кафе-барлар, көңіл көтеру орындары мен елдімекендердің тұрғын үй секторына жаппай тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде тіркеу мерзімі аяқталса да республика аумағында қалып қойған 10 шетел азаматы анықталды. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тіркеусіз тұрып жатқан немесе тіркеу мерзімі аяқталғандардың арасында 2 Түркия азаматы мен 1 Германия азаматы бар.

Шекаралық аудандар арқылы облыс аумағына заңсыз мигранттардың еніп кетуіне , контрабандалық тауарлар, есірткі мен қару-жарақтың автокөліктермен енгізілуіне жол бермеу үшін жедел іздестіру топтары облыстың шекаралық аудандарындағы сүрлеу жолдарға автопатруль шығарылды. 31-наурызға қараған түні Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының қызметкерлері облыстық ІІБ көші-қон полициясы басқармасымен бірлесе отырып ҚР аумағында тіркеусіз тұрып жатқан Польша азаматы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Мигрант» операциясы барысында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 233 кәсіпорын мен ұйымға, 182 оқу орнына, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың иелігіндегі 567 автокөлікке тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде төлқұжат-виза тәртібін бұзғаны үшін 471 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 189 шетел азаматы Қазақстан аумағына келіп-кету тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 10 адам ел аумағынан аластатылып, 6 кәсіпорын басшысы шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шара нәтижесі көрсетіп бергеніндей, облыс аумағында ұсталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көбінесе ішкі істер мекемелерінде тіркелмеу, елге келу және кету себептерін дұрыс көрсетпеу, жеке кәсіпкерлікпен айналысу, тиісті рұқсатсыз сауда-саттықпен айналысу тәрізді құқық бұзушылықтарға жол беретіндігі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар