Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелердің бірінде асылып өлген тұтқын табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелердің бірінде асылып өлген тұтқын табылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелердің бірінде асылып өлген тұтқын табылды

Петропавлдағы ЕС 164/3 мекемесінің карантиндік бөлімінен қарақшылық және қиянат жасағаны үшін сотталған 36 жастағы Сергей Кутьиннің асулы тұрған өлі денесі табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесі Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Қайырбек Мұқашев хабарлады.

  • 6 Тамыз 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Тергеу қапасынан жазасын өтеу үшін түрмеге жеткізілген тұтқын бұл жерде небәрі төрт сағат қана болды. Колония әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, қайтыс болған адамның дүниелері арасынан тергеу, сот және прокуратура мекемелерін өзін негізсіз соттағаны үшін айыптаған хат табылған. Хатта ол өзінің өмірін өзі қиюға дейін баратынын жеткізіпті.

Түрмедегі төтенше жағдай туралы С.Кутьиннің өлі денесін тауып алған тұтқындардың бірі кезекші бөлімге хабарлаған. Оқиға болған жерге абақтының медициналық-санитарлық бөлімі мен жедел қызмет бөлімінің қызметкерлері жетіп, асулы тұрған тұтқынды жіптен босатып, оған жан кіргізуге талпынғанымен одан нәтиже шықпай, 15 сағат 40 минутта дәрігер тұтқынның өлімін тіркеді.
Қ.Мұқашевтің айтуынша, С.Кутьин тергеу қапасында «орталық жүйке жүйесінің органикалық ақауы, құрысқақтық синдромы және психопаттық» деген диагнозбен психиатр дәрігердің тіркеуінде тұрған. Ол сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсауға бұған дейін де қадам жасаған көрінеді. Ал өткен жылы басынан жарақаттанған оған бас сүйегін трепанациялау операциясы жасалған екен.
Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар