Жарияланды: 590

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавлда Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы облыстары губернаторларының басын қосу туралы бастама көтермек

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Анатолий Смирнов жұмыс сапарымен Омбыға аттанып кетті. Онда әкім Ресейдің Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаевпен жүздеседі. Қазақстан мен Ресейдің көршілес аймақтарының басшылары екі облыс арасында бұған дейін қабылданған келісімдердің орындалуы, шекаралық ынтымақтастықтың болашағы мен екі аймақ арасындағы тауар айналымын ұлғайту жолдары туралы талқыламақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің

баспасөз хатшысы Ахметжан Қуантаев хабарлады. Сондай-ақ, Омбы облысына сапары барысында А.Смирнов облыс губернаторы Л.Полежаевпен бірге Петропавлда Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы облыстары губернаторларының басын қосу мүмкіндігі туралы, бұл бас қосуда Ресейдегі Қазақстан жылының алғашқы қорытындылары мен келесі жылы Қазақстандағы Ресей жылын өткізу туралы мәселелерді талқыламақ. А.Қуантаевтың айтуынша, осындай кездесу өткізуге бұған дейін Қорған және Түмен облыстарының губернаторлары келісімін берген көрінеді. Омбыға жасайтын сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Шоқан Уәлихановқа арнап ескерткіш орнату барысымен таныспақшы, ескерткіш Омбы қаласында 16-желтоқсанда ашылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін