Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы анықталды

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы анықталды

Жергілікті тұрғындар көлдің жағасынан бірнеше құстың өлексесін тапты. Жабайы үйректер құс тұмауымен ауырған.

  • 22 Маусым 2021
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды.

Айыртау ауданында жабайы үйректер қырылды. Жергілікті тұрғындар Саумалкөл көлінде бірнеше құстың өлексесін тапты. Ветеринарлық қызмет мамандары сынама алып, зерттеу жүргізді.

"Нұр-Сұлтан қаласында жасалған зерттеу хаттамасына сәйкес, қырылған үйректерден құс тұмауы табылды. Ауданда үй құстарының індетті жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ", — дейді мамандар.

Олардың айтуынша, құс тұмауынан қырылған жабайы үйректердің саны көп емес. Сондықтан Айыртау ауданында карантин енгізудің қажеті жоқ. Алайда көл жағасында орналасқан елді мекендерде үй құстарына вакцина салу шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, 2020 жылы күзде Солтүстік Қазақстан құс тұмауы таралып кеткен. Сол кезде 200 мыңнан астам құс қырылды. Басым бөлігі – құс фабрикаларының өнімі. Індет өршіген жерде өлген құсты ғана емес, онымен байланыста болған тірі құстарды да жоюға тура келді. Ол үшін аймаққа ең үлкен инсинератор жеткізілді. Ал мамандар инфекцияның жабайы құстармен бірге келгенін мәлімдеді.


Ауыл шаруашылығы саласындағы эпидемияның салдарынан тауық еті мен жұмыртқа өндірісі төмендеді. СҚО-да құстың саны 30 процентке, ал негізгі құс фабрикалары орналасқан Қызылжар ауданында 60 процентке түсіп кетті. Содан жұмыртқа да, құс етінің бағасы да қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар