Жарияланды: 180

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

Солтүстік Қазақстан облысында көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тапты.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі жас сәби, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ВАЗ 2110 мен "Фольксваген универсал" бетпе-бет соқтығысыпты.

"ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған", — деп жазады жол апатының куәгерлері.

СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін