Солтүстік Қазақстанда «жасыл ауыл» пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда «жасыл ауыл» пайда болды

Солтүстік Қазақстанда «жасыл ауыл» пайда болды

Солтүстік Қазақстанда «жасыл ауыл» пайда болды! Новоникольскоеде желдің күшімен арзан электр қуатын өндіретін қондырғылар орнатылды. Олар елді-мекенді жарықпен толық қамтамасыз ете алады. Тұрғындар мұндай жаңалық экологияны ғана емес, жұрттың тұрмыс-тіршілігін де түзеуге сеп болады деп үміттенеді.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 198
Фото - Caravan.kz

Бұл – желдің күшімен арзан энергия өндіретін жаңа екі қондырғының салтанатты түрде іске қосылып жатқан сәті. Бұрынырақ орнатылған екеуі бірнеше мал қора мен кеңсеге жарық беруге ғана жететін. Ал жаңадан әкелінгендері әлдеқайда жетілдірілген түрі екен.

-Желдің қуатымен жұмыс істейтін әрбір қондырғыны Германиядан әкеліп, осында орнату үшін 500 мың еуро жұмсалыпты. Төрт қондырғының құны 2  миллион еуро. Алайда, мамандардың айтуынша, алдағы 3-4 жылда ол өзін өзі толығымен ақтайтын көрінеді.

Шаруашылық осы қондырғылардың арқасында электр энергиясынан айына 6 миллион теңгеден астам ақша үнемдейді екен. Соңғы екеуін орнатқаннан кейін арзан қуат көзіне ауылдағы әлеуметтік нысандар ғана емес, тұрғындар да қосылды. Алайда сол тұрғындар үшін әзірге тариф өзгеріссіз қалып тұр. ­Өйткені шаруа қожалығы электр қуатын өз бетінше сата алмайды. Осы түйткілдер реттелсе, жұрт алдағы уақытта өте арзан энергия тұтынбақ.

Сергей Числов, электрик:

-Алдағы уақытта электр энергиясына төлейтін ақысы арзандайтын шығар деп үміттенеміз. Бүкіл ауыл соны тағатсыздана күтіп отыр. Бұл өзіміздің өндірген тоғымыз  ғой.

Желдің күшімен өндірілген электр энергиясы ауылдағы трансформаторға жиналады. Одан үйді үйге тарайды. Алайда шаруашылық монополист компанияның қызметінен әлі толық бас тарта алмаймыз дейді. Өйткені желсіз күндері құрылғының бақалақтары айналмай қалады екен.

Иван Зенченко, бас инженер:        

-Қыстың аязды күндері желсіз болады.  Жазда да шілденің ыстығында үп еткен жел соқпай қалады. Ондай жағдайда тоқты монополист компаниядан аламыз. Бірақ бұл өте сирек болып тұрады

Қондырғы желдің жылдамдығы секундына небәрі екі метрден асса болғаны бірден іске қосылады. Шаруашылық алдағы уақытта өзіне қарасты өзге ауылдарды да арзан энергиямен қамтамасыз етпекші.