Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімді бес тәулік бойы іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімді бес тәулік бойы іздеп жатыр

Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімді бес тәулік бойы іздеп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 31 шілдеде үйінен шығып, әлі күнге дейін қайта оралмаған 15 жасар жасөспірім іздеуде, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

  • 4 Тамыз 2017
  • 250
Фото - Caravan.kz

"СҚО Мамлют ауданы ІІБ із-түссіз жоғалып кеткен Әбдірасулов Изатилла Равшановты іздеп жатыр. Ол 28.11.2001 жылы туған, 31 шілде 2017 жылы сағат 11.00 кезінде үйінен шығып кеткен, қайда кеткені және осы уақытқа дейін қайда жүргені белгісіз", — деп мәлімет берді ІІД.  

Баланың сыртқы келбеті: бойы 170-173 см, арықтау келген, өңі қара торы, шашы қара. 

Киген киімі: қара көк түсті спорттық киім, қара көк джинс, қара түсті қалпақ, ақ түсті спорттық аяқ киім.


Баланы көрген жандар болса, полицияға хабарласуды өтінеміз.

 

Соңғы жаңалықтар