Кеше Жезқазған – Петропавл жолының 860-шы шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Бұл туралы е облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мәдина Балғашұқова мәлімдеді.
Оның мәліметі бойынша, жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аймақтық құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдегендей, соғылған көліктердің бірінде Қызылжар ауданының Архангельск және Куйбышев ауыл округтерінің әкімдері отырған. Олар жерлеу рәсімінен келе жатқан. Екеуі де апат болған жерде көз жұмды.