Солтүстік-Атлантикалық Альянс өкілдері мен Орталық Азиялық сарапшылар аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлер туралы талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік-Атлантикалық Альянс өкілдері мен Орталық Азиялық сарапшылар аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлер туралы талқылайды

Солтүстік-Атлантикалық Альянс өкілдері мен Орталық Азиялық сарапшылар аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлер туралы талқылайды

Солтүстік-Атлантикалық Альянс өкілдері мен Орталық Азиялық сарапшылар Алматыда бас қосып, аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлер туралы талқылайды. Мұнда 30-31-қазанда "Солтүстік-Атлантикалық Альянс және Орталық Азия : аймақтық және ұлттық қауіпсіздік және стратегиялық әріптестік" атты конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шараны ұйымдастырушылардың бірі болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қазан 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бас қосудың күн тәртібіне шығарылған мәселелелрдің өзектілігі Солтүстік-Атлантикалық Альянстың шығысқа қарай қанат жаюына және Орталық Азия аймағында қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты. Конференцияны өткізу — халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты көкейкесті сыртқы саяси мәселелерге Қазақстан мен НАТО-ның көзқарасын дәйекті түсінуге түрткі болуы тиіс.

Бас қосуға ҚР сыртқы істер министрлігі мен НАТО-ның қоғамдық байланыстар департаментінің өкілдері, саясаттанушылар, Қазақстан, Қырғызстан, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да бірқатар елдердің ғалымдары мен сарапшылары қатысады.
Елшілер мен ғалымдар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік модельдері, халықаралық лаңкестікпен күрес, НАТО мен Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастық перспективасы туралы талқылап, Еуропалық және американдық күш құрылымдары қызметкерлерімен тәжірибе алмасады.

Соңғы жаңалықтар