Солтүстікқазақстандық диқандар 5,3 млн тонна астық алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікқазақстандық диқандар 5,3 млн тонна астық алды

Солтүстікқазақстандық диқандар 5,3 млн тонна астық алды

Солтүстікқазақстандық диқандар егін орағын аяқтап, 5,3 млн тонна астықты қамбаға құйды.

  • 26 Қазан 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Биыл шаруалар әр гектардан 19 центнерден өнім алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы жылы әр гектардан 18,2 центнерден өнім алынған болатын. Өнімділіктің артуы — диқандардың тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың заңды нәтижесі.

Облыста картоп пен көкөністерді жинау науқаны да тәмамдалды. Биыл  картоп алқаптары 27 мыңнан 37 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, өңірде  биыл картоп бітік шықты, нәтижесінде, 588 мың тонна өнім жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 18 пайызға артып отыр. Бұдан басқа 110 мың тонна көкөніс жиналды. Бұл шаралар өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, картоп пен көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталып отыр.

Жалпы, облыста күзгі ауылшаруашылығы жұмыстары биыл жоспарға сай атқарылды. Төрт түлік қыстан көтерем шықпауы үшін 1 млн 100 мың тонна шөп, 194 мың тонна пішен және 1 млн 600 мың тонна сабан әзірленді.  


 

 

Соңғы жаңалықтар