Сөмкенің ауырлығынан балалардың омыртқасы қисайып, басы ауыратын болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сөмкенің ауырлығынан балалардың омыртқасы қисайып, басы ауыратын болған

Сөмкенің ауырлығынан балалардың омыртқасы қисайып, басы ауыратын болған

Ақтауда күн сайын мектепке ауыр сөмке таситын балаларын аяған ата-аналар портфель өлшеу шарасын өткізді.

  • 28 Қыркүйек 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Олар ауыр сөмке оқушының денсаулығына кері әсер етеді деп алаңдаулы деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Балалар күн сайын мектепке әрқайсысының салмағы 800 граммдай болатын 6-7 оқулық, дәптерлер, сусын, дене шынықтыру сабағына керекті киім-кешек пен мектепке арналған аяқ киімін тасиды екен.

Бүгін ата-аналар өлшеген әр сөмке 6-7 келіден асып түсті. Ал талапқа сай, бастауыш сынып оқушыларының сөмкелері 1-2 келіден, ал жоғары сыныптағылар үшін 4 келіден аспауы тиіс. Осыған алаңдаған ақтаулық ата-аналар күн сайын ауыр сөмке тасығаннан балаларымыздың омыртқасы қисайып, мойын бұлшық еттері қысылғаннан басы ауыратын болды деп дабыл қақты. Сөмке өлшеуге олар білім бөліміндегілерді ғана емес, жергілікті депутаттарды да шақырып, осы жағдайға байланысты бір шара қолдануды талап етті.

Аббат Орысбаев, Маңығыстау облыстық мәслихатының депутаты:

— Осы мәселе бойынша біз білім министрлігіне хат жолдаймыз,кітап шығарушылармен кездесеміз. Заңмен белгіленген шектеуінен асырмау керек.

Соңғы жаңалықтар