Сонда кімге тұрмысқа шығады: Нұрлан Әлімжанға жазба арнаған Айгүл Иманбаева жұртты қызықтырып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сонда кімге тұрмысқа шығады: Нұрлан Әлімжанға жазба арнаған Айгүл Иманбаева жұртты қызықтырып қойды

Сонда кімге тұрмысқа шығады: Нұрлан Әлімжанға жазба арнаған Айгүл Иманбаева жұртты қызықтырып қойды

Тұрмысқа шығуға дайын екенін айтып, қуанышты жаңалығымен бөліскен Айгүл Иманбаеваның өнердегі әріптесі Нұрлан Әлімжанға арнаған жазбасы жұртты қызықтырып қойды.

  • 13 Тамыз 2018
  • 895
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz. жазды. 

Айгүл Instagram желісіндегі парақшасында актер Нұрлан Әлімжанға сезімге толы жыр жолдарын арнаған.

«Бейнеңді іздеп мен сенің
Өмірді оймен өлшедім,
Өзіңмен өткен күндерге
Жанымның бердім бөлшегін», – деп басталады жыр жолдары.

Өз кезегінде Айгүлдің екіұшты жазбасы жұрттың түрлі сауалдарды жолдауына себеп болды. Пікір қалдырушылардың дені екеуінің арасында махаббат бар деп топшылады.

«Түсінбей қалдым, екеуінің арасында махаббат бар ма? Әлде пиар ма?», «Не деген сезім. Басынан өткендер ғана түсінеді», «Той қашан енді?», «Кім кімге ғашық?», «Үйленіп алыңыздаршы», «Театрда Қыз Жібек пен Төлегенді ойнап едіңіздер. Өмірде де бақытты болыңыздар», “Екеуі ғашық сияқты”, – дейді Insta-қолданушылар.


Соңғы жаңалықтар