Соңғы 10 күнде 217 мың пойыз билеті сатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 10 күнде 217 мың пойыз билеті сатылған

Соңғы 10 күнде 217 мың пойыз билеті сатылған

Коронавирустық инфекцияға байланысты қалыптасқан жағдайда өзара байланысты азайту мақсатында ҚР ИИДМ пойыз билеттерін онлайн режимде ресімдеуді ұсынады.

  • 27 Мамыр 2020
  • 34
Фото - Caravan.kz

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған шешімге сәйкес 2020 жылдың 1 маусымынан бастап теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы жаңартылып, түрлі бағыттар бойынша 54 пойыз жүре бастайды. Билеттер сатылымға 2020 жылдың 15 мамырынан бастап түсіп, 10 күннің ішінде 217 мың билет сатылған, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекцияға байланысты қалыптасқан жағдайда өзара байланысты азайту мақсатында ҚР ИИДМ пойыз билеттерін онлайн режимде ресімдеуді ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 шілдесінен электрондық билеттеудің жаңа жүйесіне көшу басталады. Бұл жүйе билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға, сондай-ақ "Күту парағы" бойынша кезек тәртібімен билет сатып алуға мүмкіндік берді.


"Күту парағы" арқылы жолаушылар орын болмаған жағдайда да өтінім бере алады. Орын пайда болғанда жолаушы электрондық поштасына тиісті хабарлама алады. Бұл ретте жолаушының деректерін ауыстыру мүмкін емес. Осылайша, жолаушыларды ауыстыруға және брондалған билеттерді сатып алуға жол берілмейді.

 

 

Соңғы жаңалықтар