"Сонша асыққаны несі": Күйеу баласыз өткен ұзату той халықтың қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сонша асыққаны несі": Күйеу баласыз өткен ұзату той халықтың қызу талқысына түсті

"Сонша асыққаны несі": Күйеу баласыз өткен ұзату той халықтың қызу талқысына түсті

Қыз ұзату той күйеу баласыз өтті. 

  • 14 Қараша 2021
  • 610
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Күйеу бала келе алмай қалған ұзату тойда қыз ұзатқан айтыскер ақын Сара Тоқтамысова тойдың қалай өткені жайлы баяндап берді. 

"Бұл бір бөлек ұзату. Неге дейсіз ғой? Күйеу баласыз той.

Бұл Бiрғаным дейтін сұлу қыз. Күйеу баламен Америкада оқып жүргенде танысады. Мейрас деген Ыстының баласы. Күйеу бала Америкадан визасының әлегі шешілмей, жете алмай қалады.

Бiрғаным атына сай бiр аяулы қыз екен. Бір жағы менің Шымкентте танысқаным визажистім @rano.erzhankyzyy Раномның сіңілісі.

Той басталарда, алып шығарда көзі мөлдіреп қобалжып тұр екен. Шығып келе жатып, жаныңдамын дегендей қолынан ұстап қысып-қысып қойдым. Маған қарап қояды.


Керемет әдемi басталған жоқ па? Қараныздаршы?

Сiздердiң де қыздарыныз өсiп келе жатқан шығар?

Қыз ұзатуыныздың қалай басталғанын армандайсыз?", деп жазды айтыскер ақын. 

Оқырмандар: "Сонша асыққаны несі, күте тұрса қайтеді", "Жауапкершілік қайда, 1-2 күн бұрын келіп, дайындалмады ма", деп жазды.

Дегенмен, оқырмандардың көпшілігі бақыт тілеп, тілектерін жарыса жазды.