Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады.

  • 13 Мамыр 2020
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZке сілтеме жасап хабарлайды.

Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – 
делінген жеделхатта.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар